Мектептің қысқаша тарихы » Средняя школа имени Жамбыла
Алматинская область
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя школа имени Жамбыла - мектепке дейінгі шағын орталығымен"
отдела образования Енбекшиказахского района
Приемная
+7(72776) 7-40-95
Факс:
+7(72776) 7-40-95
Версия для
слабовидящих
» » Мектептің қысқаша тарихы
29
апрель
2017

Мектептің қысқаша тарихы

    1929 жылы Алматинская область, Шелек ауданы, Тескенсу ауылында «Төрткөл» атты ауыл шаруашылық артелі құрылды. Сол кездегі Кеңес өкіметі халық арасында сауатсыздыққа қарсы күрес жүргiзіп жатқан болатын. Науқан кезінде ауылда халықтың сауатын ашу жөнiнде бiршама жұмыстар атқарылды. 1932 жылы ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша «Төрткөл» бастауыш мектебi ашылды. Осы бастауыш мектеп содан бастап бiлiм ошағына айналды. Школьникам білім беру ісін ауыл мектебі сұрапыл Ұлы Отан соғысы жылдарында да тоқтатпады.

  1949 жылы бастауыш мектеп жетi жылдық мектепке айналдырылды. Осы жылдары мектеп қабырғасында 76 оқушы оқыды. 1951-1952 жылдары сынып саны 11-ге, оқушы саны 94-ке жеттi. Жетіжылдық мектепте 12 мұғалiм жұмыс iстедi, мектептiң директоры Байдiлдаев Жұмағали едi.

   1955 жылдан 1964 жылға дейiн мектеп директоры болып Айдарбеков Оразбақ iстедi. 1957 жылы жетіжылдық мектеп орта мектепке айналды. 1958 жылы қазан айында мектепке жырау Жамбыл есiмi берiлдi. 1964 жылы мектеп директоры болып Сүлейменов Ғани Ыдырысұлы тағайындалды. 1967 жылы тамыз айынан 1975 жылғы шiлде айына дейiн Үмбеталиева Жәмила Нұрқабекқызы мектеп директоры болып жұмыс iстедi. Мұғалiмдер саны 40-қа жеттi. 1975 жылдан 1982 жылға дейiн Сүлейменов Ғани Ыдырысұлы мектеп директоры болып iстедi.

   1975 жылы 640 оқушыға арналған үш қабатты мектеп ғимараты салынып, пайдалануға берiлдi. Бұл кезде мұғалiмдер саны 70-тен асты. 1982 жылдан 1985 жылға дейiн мектептi Ақбаев Исахан басқарды. Бұл кезде оқушы саны 930-ға, мұғалiмдер саны 87-ге жеттi.

  2019 жылдан берi мектеп директоры болып Ыдырысов Махсат Алгожаевич iстеп келедi.